Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда латын графикасында жалпыхалықтық диктант өтеді

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 23:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде латын графикасы негізінде жалпықазақстандық диктант өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Диктант барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталады. Елордада акция ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) өтеді.

«2019 jyl – Jastar jyly» аталатын шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту.

«Оған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттер қатысады», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай