Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстанда Rolls-Royce, Ferrari, Bentley секілді қымбат көліктер саны екі есеге көбейген

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 17:29

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қорытындысында бастапқы және қайталай тіркелген Luxury брендті автомобиль саны 330-ға жетті. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 47 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы мәліметінше, қалталы қазақстандықтардың сатып алатын қымбат көліктердің көшбасында Bentley тұр. Өткен жылы мұндай 140 көлік тіркелген. Бұл көліктің Continental GT, Flying Spur және Bentayga модельдері елімізде жүр. Екінші орындағы Mercedes-Benz Maybach S-Class автомобилінің өткен жылы 65-і тіркелсе, оның 24-і алғаш рет нөмір алған.

Сондай-ақ өткен жылы 29 Maserati, 24 Rolls-Royce және 11 Ferrari тіркеуге алынған. Айта кетерлігі, былтыр Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3 Lamborghini мен 2 Aston Martin қайта тіркеуден өткен.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Статистика, Көлік,
Жоғары қарай