Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстанда тағы бір үлкен қала бой көтереді: Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Түркістанды аралады

2019 жылдың 5 қараша 2019 18:55

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы жаңа ғимараттарды аралап көрді. Ол киелі шаһарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанға келген алғашқы күні Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы мәдени-ағарту нысандарының, әртүрлі бақтар мен Арбаттың құрылыс жоспарымен танысты.




Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презиентіне «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жоспары таныстырылды.



















Елбасы бұл күні сондай-ақ, «Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады. Республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылған шараға елімізбен қатар Иран, Үндістан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Тәжікстан, Башқұртстан, Якутиядан 200-ге жуық қолөнерші қатысты.


































Елбасы жәрмеңкеге қойылған бұйымдарды аралап көріп, қолөнершілердің еңбегіне дән риза болды. Түркістанда туризмді дамыту бағытында қолға алынған жұмыстарға тоқталып, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын және музейлер салынып, Самарқан – Ташкент – Шымкент – Түркістан бағытында қатынас орнап жатқанын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарда болды. Түркістандағы жаңадан ашылған Неке сарайында жастармен бейресми кездесу өткізіп, оларды жан-жақты болуға шақырды.

























Неке сарайы Қостанай облысының тапсырысымен салынып, құрылыс жұмыстары шілдеде басталған. Құрылыс қазан айында аяқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы Халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. Аталған орталықты салуды Павлодар облысы міндетіне алған болса, оның құрылысы жоспарланған мерзімде аяқталды.













Үш қабатты ғимаратта 200 адамға арналған күту және операциялық залдары бар.







«Әлеуметтік нысандар, заманауи әуежай салынады. Су мәселесі, жол бойындағы қаланың инфрақұрылымы толық шешімін табады. Яғни Қазақстанда тағы бір үлкен қала бой көтереді. Құрылысты аралап көріп риза болдым, көп жұмыс атқарылған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президент сапары барысында Түркістан қаласындағы «Алатау« медиа-орталығы ғимаратын да аралап көрді. Елбасы өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерімен танысып, қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.










«Шымкент миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Осыған орай біз жеке Түркістан облысын құрдық. Бұл көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша біз үлкен құрылыс бастадық. Мұның бәрі астанамыздың құрылысын еске түсіреді. Енді еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік БАҚ өкілдеріне.




Сондай-ақ Елбасы Түркістан облыстық әкімдігінің жаңа ғимаратында да болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында құрылысы басталған әкімдік ғимараты жыл соңығнда пайдалануға беріледі деп күтілуде.
















Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдігінде «Nur Otan» партиясы филиалының халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алған жобамен танысты. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тұрғындардың өтініші мен құқықтары әрдайым басты назарда болатынын жеткізді. Ал жобаның жұмысымен Елбасын «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды.




Түркістанда бірнеше нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Олардың қатарында әкімшілік-іскерлік орталық, «Нұр-Сұлтан» алаңы және «Алатау» медиа-орталығы пайдалануға берілді. Ал салынып жатқан нысандар ішінде «Ұлы Дала» мұражайы, «Hampton by Hilton» қонақ үйі және 7000 орындық футбол стадионы бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күні Түркістандағы жаңа музыка мектебіне де барып, жас өнерпаздармен кездесті.

Тұңғыш Президентке өңірде өнер мен мәдениет саласын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Балалар шығармашылық ұжымдары бірнеше музыкалық қойылым көрсетті.







Жоғары қарай