Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақстанда толықметражды мультфильмді түсіруге қанша қаржы керек

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 18:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның анимациялық киностудиялары қауымдастығының төрағасы Жәнібек Оразалы толықметражды мультфильмді түсіруге қанша қаржы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық стандарттар бойынша толықметражды мультфильмді жасау үшін 20 млн АҚШ доллар қажет болады. Ал кейбіреулеріне 200 млн долларға дейін жұмсалады. Осы түсірілім жұмыстарына 2-5 жыл аралығында уақыт керек болады. Қазақстанда бір толықметражды анимациялық фильмді шығаруға 1-2 млн доллар жеткілікті. 1,5-2 жыл уақыт берілсе, сондай-ақ үзбей қаржыландырса, біздің мамандарға сол жеткілікті», - деді Ж. Оразалы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның пайымынша, сапалы мультфильм шығаруды заңды түрде бекіту керек.

«Бұрын жылына 5-6 қысқаметражды анимациялық фильм, 2-3 жылда бір толықметражды мультфильм шықса, қуанатынбыз. Былтыр «Мұзбалақ» пен «Күлтегін» толықметражды фильмі шығарылды. Осы орайда қауымдастық тиісті ұсыныстарды жасап отыр. Яғни мемлекет заңды түрде жылына 1-2 толықметражды, 10 қысқаметражды мультфильмді шығаруды бекітуі керек деп ойлаймыз. Бүгінде анимациялық кино саласында белсенді жұмыс істеп келе жатқан жалғыз «Balapan» телеарнасы ғана. Өте аз қаржымен қаншама сапалы өнімдер шығып жатыр», - деді Жәнібек Оразалы.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қаржы, Мәдениет,
Жоғары қарай