Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады

2019 жылдың 12 маусым 2019 12:05 428

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөн деп шештім. Оның құрамына барлық бірлестік өкілдері мен жастар енеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың тамыз айында өтеді. Билік халыққа берген барлық уәдесін орындауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде.

Мемлекет басшысы биліктің осы реттегі басты миссиясын атады.

«Тек осылай ғана ұлттың бірлігін, елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға болады. Сол себепті, менің сайлауалды платформам жоспарлы түрде жүзеге асыралады. Осы құжатқа халықтан түскен үздік идеялар мен ұсыныстар енгізіледі», - деді ол.

Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

 

Жоғары қарай