Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстанда жаңа піскен жемістің бағасы арзандады

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың тамыз айындағы азық-түлік бағасы 2018 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 9% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде тоқаш өнімдері мен дәнді дақылдар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкоголь өнімдері қымбаттап, жаңа піскен жеміс бағасы арзандады.

Атап айтқанда, астық өнімдері бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Биылғы жылдың тамыз айында күріштің орташа бағасы 1 келіге - 374 теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде - 306 теңге, ал қарақұмықтың бағасы биыл - 241 теңге, былтыр осы кезеңде - 255 теңге болған.

Тамыз айында түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 келіге - 233 теңге, бір жыл бұрын - 223 теңге болды.

Ет және ет өнімдерінен сиырдың жауырын-кеуде бөлігінің бағасы 2019 жылдың тамыз айында 1 келіге 1713 теңгені құрады (2018 жылдың тамыз айында - 1506 теңге) сүйекті қой еті - 1648 теңге (1 433 теңге), сүйекті жылқы еті - 1933 теңге (1695 теңге), шошқаның жауырын еті - 1416 теңге (1281 теңге), шала қақталған шұжық – 2109 теңге (1928 теңге), тауық еті - 812 теңге (663 теңге) болды.

Жоғары қарай