Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Қазақстандағы 8 банк карточканы онлайн рәсімдеп, үйге әкеп беру қызметін ұсынады

2020 жылдың 9 сәуір 2020 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыртқа шығу мүмкін болмай тұрған қазіргі төтенше жағдай уақытында банкке бармай-ақ төлем картасын жасату қызметі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта банк карталарына қашықтан тапсырыс алып, жеткізу қызметін бірнеше банк ұсынады. Ол үшін сізге белгілі бір банктің клиенті болудың қажет жоқ. Сіз іс жүзінде тіркеліп, карточкалық шот ашқан кезде сол банктің клиенті боласыз.

Карточканы алу үшін осы қызметті ұсынатын сегіз банктің біреуін таңдаңыз. Олар: Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк Forte Bank и АТФБанк.

Төменде осы банктерде карточкаларды ашу жөніндегі нұсқаулыққа сілтемелер берілген. Әр банктің шарттарымен танысып алған абзал. Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы картаға тапсырыс беру - өте ыңғайлы. Банкті таңдағаннан кейін оның мобильді қосымшасын жүктеп алып, нұсқауларды орындаңыз.

Халық банк: https: //halykbank.kz/bonuscard

Jysan Bank: https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank.

Eurasian Bank: https://eubank.kz/cards/

Altyn Bank: https://altyn-i.kz/app.html

Банк Хоум Кредит: https://homecredit.kz/landing/homecard/

Сбербанк: https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards

Forte Bank: https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309

АТФБанк: https://www.atfbank.kz/phys/cards

Банктер карточканы бір-екі күнде дайындап береді.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Банктер, Экономика,
Жоғары қарай