Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

2019 жылдың 10 наурыз 2019 15:29 1220

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі  4-10 наурыз күндері елімізде болған басты тағайындауларды оқырман назарына ұсынады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің басшылығына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин тағайындалды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді.

Директорлар кеңесінің құрамынан Б. Сағынтаев, Т. Сүлейменов шығарылды.

6 наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Ол 1979 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, заңгер-халықаралық саясат білгірі мамандығы бойынша бітірген.

2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің бас маманы. 2002 - 2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, аға сарапшысы. 2004 - 2005 жылдар аралығында - «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі. 2008 - 2010 жылдар аралығында - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары. 2010 - 2014 жылдар аралығында - Мемлекеттік инспектор, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ҚР Тұтынушыларды қорғау агенттігінің жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Отан» орталық аппаратының басшысы лауазымын атқарған. 2016 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалған.

Сонымен бірге бұл аптада екі министрдің орынбасары өз қызметтерінен босатылды -Тимур Төлегенұлы Шаймергенов Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен; Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

Айбатыр Жұмағұлов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ол әр жылдары ҚР Индустрия және технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-да еңбек етті. «Baur Kazakhstan» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.  

5 наурызда Жоғарғы соттың бұрынғы баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.

Болат Кальянбеков 1979 жылы туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» және Қазтұтынушылародағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.        

Мәдениет және ақпарат министрлігінде әр жылдары қатардағы маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, сондай-ақ, ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сала секторының инспекторы әрі жетекшісі болды. Қарағанды қаласының ішкі саясат департаментінде және ақпарат басқармасында еңбек еткен. Қарағанды облысының Саран қаласы әкімдігінде жастар саясаты мәселесімен айналысқан.  

«Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметін атқарып келген Әлібек Әлденей басқа жұмысқа ауысты.    

4 наурызда Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы болып Ернұр Өтегенов тағайындалды.

Бұған дейін Е. Өтегенов Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған. Ол 1978 жылы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Талдыапан ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданы №15 өрт сөндіру бөлімі өрттің алдын алу тобының инспекторы қызметінен бастаған. 2002-2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 1-ші жасағының анықтау тобының анықтаушысы, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженері болған.  2006-2012 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызмет департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары - Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2014 жылғы қазан айынан бастап осы күнге дейін Ақтөбе облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай