Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстандық АҚШ-та Los Gatos Ballet бағдарламалық директоры болды

2016 жылдың 15 қыркүйек 2016 12:11 8912

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби хореограф - Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің шәкірті Раиса Чазова Los Gatos Ballet - балет мектебінің бағдарламалық директоры болды, деп хабарлады  The Mercury News.   

26 жастағы қазақстандық АҚШ-қа 2013 жылы көшіп, Орегон штаты Портлендте  Сұлтановтың орыс балет академиясында сабақ бере бастады.

Кейін ол Бэй Эриаға қоныс аударып, Калифорния штаты Уолнат-Крикте Контра Коста балетінде тәлім берді.

Бағдарламалық директор лауазымында Чазова 10 жастан асқан бишілерді дайындауға жауапты болады.

«10 жастағы балалар үшін денесінің мүмкіндігін түсіну жақсы, - дейді Чазова шәкірттеріне. - Олар бұл жаста денесі мен санасын қалыптастырады.  Бұл әдемі үдеріс. Биге жан бітуі тиіс».

Чазова оқушылары оның сабақ беруін «бірегей және ешбір артық сөзсіз» деп бейнелейді.  

Los Gatos Ballet жыл сайын екі балет қояды: «Щелкунчик» Купертинода  Флинт Орталықта курорттық маусым кезінде орындалады. Сонымен қатар әр көктемде бишілер  Уэст Вали колледжінде өнер көрсетеді. Өткен көктемде  репертуар тізіміне «Лебединое озеро» (Аққу көлі), «Золушка» (Күлбике), «Спящая красавица» (Ұйықдағы ару) және «Алиса в Стране чудес» (Алиса ғажайыптар елінде) енгізілді.



null 

null  

 

 

Басты сөздер: БАҚ, Өнер, Әлем,
Жоғары қарай