Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ливандағы екінші қазақстандық бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбітшілік қызметінде» медаліне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүлдені жиынтық ротаның жеке құрамына БҰҰ уақытша күштері штабының бастығы табыстады. Медальдің артқы жағында «In the service of the peace» деген бедерлі жазу орналасқан. Бұл «бейбітшілік қызметінде» деген мағынаны білдіріп, БҰҰ миссиясына қатысқандығын дәлелдейді. Міндеттерді орындау барысында біздің бітімгершілік рота «кәсіпқой бітімгер» мәртебесіне ие болды», делінген хабарламада.

Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгершілік рота «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысуға алты ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілген еді. 2019 жылдың қараша айында бітімгерлер құрамы елге оралып, оларды алмастыруға үшінші бітімгершілік рота аттанады.

Министрліктің хабарлауынша, бұған дейін қазақстандық әскерилер тек бақылаушылар ретінде қатысқан еді.





Жалпы, Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалардың жақтаушысы және белсенді қатысушысы екендігін айта кеткен жөн. Бітімгершілік әлеуетін дамыту ҚР Қарулы күштерін алдағы уақытта дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағына зымыран арқылы соққы жасаған болатын, осыған байланысты БҰҰ бөлімшелерінің құрамына кіретін Қазақстанның екінші бітімгершілік ротасы арнайы міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді.











Жоғары қарай