Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қазақстандық боксшы АҚШ-та нокаутпен жеңіліп қалды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 13:26 1507

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 жастағы Асхат Уәлиханов кәсіби бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді.

АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Пуэрто-Рикодан келген Хосе Лопеске қарсы жұдырықтасты. Ал негізгі жекпе-жекте  Александр Гвоздик пен Дуду Нгумбу кездескен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте А.Уәлиханов барын салып, өзінен бір жас кіші қарсыласынан айласын асыруға тырысты. Бірақ алтыншы раундта бастан және бүйірінен қатты соққы алып қалды. Содан жетінші раундқа шықпауға шешім қабылдады. Осымен, Асхат Уәлиханов алты жекпе-жекте екінші рет ұтылып отыр. Ал Хосе Лопес 12-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кеткен жөн, А.Уәлиханов  Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.

 

 

 

Автор: Арман Асқаров
Басты сөздер: Бокс, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай