Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына аттанады

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 21:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әлемдік біріншілікте еліміздің намысын 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы атанған кіші сержант Қайрат Ералиев және Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы АОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Сәкен Бибосынов қорғайды.




Байрақты дода 7–12 қыркүйек аралығында Екатеринбургтағы халықаралық аренада өтеді.

Осы жылы жарысқа 91 елдің 488 былғары қолғап шебері бақ сынайды. Бұл чемпионат тарихындағы қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш. Одан басқа, 2020 жылы олимпиадалық болатын 8 салмақ дәрежесі бойынша алғаш рет жекпе-жек өтеді.





Жоғары қарай