Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстандық боксшылар ІВО рейтингінде көтерілді

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Суперауыр салмақтағы Иван Дычко бір саты жоғарылап, 56-орынға шықты. Руслан Мырсатаев 97, Жан Кособуцкий 98-орында.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Әли Балоев бұрынғы 82-орнында қалды.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлының рейтингі біршама көтерілді.Бұрын 36-сатыда тұрған жерлесіміз енді 25-те. Осы салмақта Нұрзат Сабыров пен Әли Ахмедов те бір саты жоғарылады. Енді олар 30 және 45-орындарда.

ІВО-ның орта салмақ санатындағы рейтингін бұрынғыша Геннадий Головкин бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов бір саты жоғарылап 17-орынға шықты, Қанат Ислам 33-орында, ал Жәнібек Әлімханұлы бірден 50-орыннан 34-орынға көтерілді.

Қайта бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бір саты төмендеді. Ол қазір 46-орында. Осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Мадияр Әшкеев 83-орынға тұрақтаған.

Жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев — 27-де (бұрын 28-орында еді), Бобыржан Момынов екі саты төмен сырғып, 78-орынға түсті.

Бірінші жартылай орта салмақ санатында Батыр Жүкембаев бір саты түсіп, 13-орынға тұрақтады. Ал Жанқош Тұраров екі саты жоғарылап 40-орынға шықты.

Жеңіл салмақтылар арасында Виктор Коточигов бір саты жоғарылап, 59-орынға шықты, Абылайхан Құсайынов бұрынғыша 76-орында тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақ санатында өнер көрсететін Станислав Калицкий екі саты жоғарылап, 98-орынға шықты.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай