Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстандық боксшылар келесі айқастарын Сиднейде өткізеді

2019 жылдың 17 маусым 2019 20:24 667

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы имен Нұрсұлтан Жаңабаевтың титулды жекпе-жектері қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКтонтакте парақшасынан хабарланғандай, екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8КО) мен орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5КО) 14 тамызда Сиднейде шаршы алаңға шығады. Олардың қарсыластары жақында анықталмақ.

«Айдос Ербосынұлы екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia мен WBA Inter-Continental титулын, Жаңабаев WBA Inter-Continental белдігін қорғайды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, боксшылардың екеуі де соңғы айқасын 24 наурызда Алматыда өткізген еді. Almaty Arena спорт кешенінде  өткен бокс кешінде амибиялық боксшы Лукас Ндафолуманы (15-1, 6 КО) жеңді.

Ал Нұрсұлтан Жаңабаев венесуэлалық 25 жастағы Иван Матутеден айласын асырды.

 

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай