Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстандық букмекерлер «Ойын бизнесі туралы» заңның өзгерістеріне қарсы шықты

2019 жылдың 16 қазан 2019 18:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық букмекерлер баспасөз мәслихатын өткізіп, «Ойын бизнесі туралы» заңға енгізілгелі отырған өзгерістерге қарсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатында букмекерлер Мәжілісте «Ойын бизнесі туралы» заңға өзгерістер енгізгелі жатқан жұмыс тобының бастамасына алаңдаушылық білдіріп отыр. Заңға енгізілетін өзгерістер букмекерлік кеңселердің кассаларының бәрін де арнайы белгіленген «резервацияға» немесе «құмар ойындар аумағына» көшіруді көздейді. Нақтырақ айтқанда, ол аумақтар - Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Қапшағай су қоймасындағы нүкте. Сондай-ақ букмекерлік қызметпен байланысты барлық есепшілік ставкаларды есептеу орталығын құру жоспарланған.

«Негізінде, заң жобасын әзірлеу мәселесін біз көтерген жоқпыз. Тек өз ұсыныстарымызды білдірген едік. Тіпті «Ойын бизнесі туралы» заңның өзі құмар ойындар мен ставкаларды реттейді. Ал букмекерлік ойын - құмар ойын емес, жай ставка. Әлемнің көптеген елінде спорттық «бэкинг» туралы заң бар. Біздің бизнес-ставкаларымыз спорттық іс-шаралар кезінде ғана жасалады. Яғни, біз казино да, құмар ойын автоматтары бөлмесі емеспіз. Біз - бизнестің мүлде басқа түріндеміз. Әрине, жеке заңға сай жүргізуді қалаймыз», - деді Қазақстан букмекерлер қауымдастығының төрағасы Айтуар Мадин баспасөз мәслихатында.

Брифингте сөз сөйлеген букмекерлік кеңестің өкілдері заң жобасын қабылдау жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Олар букмекерлердің 5 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалатыны, ал Есеп орталығы букмекерлердің клиенттік базасында дербес деректерді жинай алатыны жайлы аргументті алға тартады.

Олардың айтуынша, букмекерлер бюджетке жылына 20 млрд теңге төлеп отыр.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Заң, Қоғам,
Жоғары қарай