Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстандық дипломаттар арасында Жазғы спартакиада өткізілді

2019 жылдың 15 маусым 2019 22:14 970

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның дипломатиялық қызмет күні қарсаңында еліміздің сыртқы саяси ведомствосының Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мүшелері арасында жыл сайынғы жазғы спартакиада ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Спартакиаданың 130-дан астам қатысушысы футбол және волейбол турнирлерінде бәсекелесті.

Жарысқа шақырылған қонақтар ретінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің және ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының футбол командалары қатысты.

Тартысты күрес нәтижесінде футбол чемпиондары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің командасы атанды, олар финалда пенальти бойынша Құқықтық департаменттен басым түсті. Америка департаментінің командасы қола жүлдеге ие болды.

Волейбол жарысында Сыртқы экономикалық саясат департаментінің командасы жеңіске жетті, «дипломатиялық сервис» РМК екінші орынды еншілді, жеңімпаздар үштігін адам ресурстары департаментінің командасы түйіндеді.

Басты сөздер: ҚР СІМ, Спорт,
Жоғары қарай