Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында жүлдегер атанды

2019 жылдың 23 маусым 2019 00:00 840

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Нұрзат Сәлімбаев Мажарстанның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Еуропа кубогы жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, аталмыш додаға 27 елден 413 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні 66 кг салмақта күрескен Н.Сәлімбаев жүлдеге ілікті. Ол жұбаныш финалында чехиялық Жан Свободаны таза жеңді.

Сондай-ақ қазақстандық жас татами шеберлері Жанасыл Әнуаров (73 кг) пен Мөлдір Нарынова (70 кг) турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Еуропа кубогы жексені күні мәреге жетеді.

 

 

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Еуропа, Спорт,
Жоғары қарай