Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақстандық дзюдошылар Мароккодағы Гран-приден соң әлемдік рейтингте көтерілді

2019 жылдың 11 наурыз 2019 17:05

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 наурызда Халықаралық дзюдо федерациясы 8-10 наурыз аралығында Мароккода дзюдодан өткен Гран-придің әлемдік кезеңінен кейін рейтингін жаңартты.

Гран-приде жүлделі орындарды еншілеген қазақстандық дзюдошылар жаңартылған әлемдік рейтингте өздерінің ұстанымын жақсартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА sports.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай Гран-при жеңімпаздарының әрқайсысы 700 ұпай алады, күміс жүлдегерлері - 490, қола медаль иегерлері - 350 ұпай.

Турнирдің күміс жүлдегері Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) 51-ден 27-ші орынға, қола жүлде иегері Ерлан Серікжанов (-66 кг) кестеде 11-інші орыннан 8-інші орынға көтерілді.

Дзюдодан әлемдік ерлер рейтингі (1-50):

60 кг

Елдос Сметов - 6 (4180)

Ғұсман Кырғызбаев - 10 (3229)

66 кг

Ерлан Серікжанов - 8 (3490)

Елдос Жұмақанов - 12 (3090)

73 кг

Жансай Смағұлов - 12 (3024)

81 кг

Дидар Хамза - 15 (2653)

90 кг

Ислам Бозбаев - 10 (3392)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев - 27 (1392)

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай