Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақстандық экспорт бірінші жартыжылдықта 13,3% қымбаттады

2019 жылдың 12 тамыз 2019 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда шетелге экспортталатын тауарлардың бағасы 2019 жылдың маусым айында өткен аймен салыстырғанда 1,6%, импортталатын тауарлар - 0,8% қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Осы жылдың маусым айында 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда Қазақстаннан шетелге экспортталатын тауарларының бағасы 4,3%, импорттық тауарлар - 4,1% өсті. 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстан экспорты 13,3%, импорт 9,2% өсті.

Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаға – 11,7, қорғасынға – 4 пайызға төмендеуі, темір кендеріне – 33,3, көмірге – 19,2, мұнайға – 11,5, портландцементке – 7,9, мырышқа – 4,1, мысқа – 2,1 пайызға қымбаттағаны белгілі болды.

Бағалардың төмендеуі мақтада 2,9% байқалса, бидай 18,8%, күріш 6,2%, жүн 1,6% қымбаттаған.

Импортталатын өнімдерден көкөніс 41,6%, балық 8,2%, шұжық өнімдері на 7,5%, сүт өнімдері на 6,3%, кофе 5,4%, құс еті, шәй 4%, маргарин 2,8%, өсімдік майы 2%, темекі 1,3% қымбаттаған, ал жеміс пен жаңғақ 4,3%, қант 2,7% арзандаған.

Пластмасса бағасы 7,4%, сүрек 6%, құрылыс материалдары 5,4%,қағаз 5,2% өссе, тері бағасы 0,7%, аяқ киім 0,4% арзандаған.

Жоғары қарай