Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстандық гимнасшылар Әлем кубогына қызу дайындық үстінде

2019 жылдың 9 наурыз 2019 18:33 1059

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасы 14-17 наурыз күндері Баку қаласында өтетін Әлем кубогына қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким айтпақшы, қазір команда Әлем кубогы алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында Карими Милад, Мұсаев Әкім, Құрбанов Нариман, Жантіков Ербол және Патанин Дмитрий өнер көрсетеді.

«Осы турнир 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама береді. Ереже бойынша, снарядта әр елден 2 гимнаст өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшылардан: М. Карими және Д. Патанин еркін жаттығуда, қолды тіреп секіру жаттығуында,  Н. Құрбанов пен Ә. Мұсаев ат снарядында, Е. Жантіков пен М. Карими  қоссырық, маңдайша жаттығуларында, Д. Патанин шеңбер жаттығуында өнер көрсетеді», - дейді А. Ким.



Бапкер снарядтардың барлығында қазақстандық гимнастшылар әлемдік гимнастиканың көшбасшыларымен бәсекелес болатынын атап өтті. Н. Құрбановтың ат снарядындағы жаттығуларына үлкен үміт артылып отыр. Еркін бағдарлама және маңдайшадағы жаттығуларда М. Карими, ат снарядында және қоссырық жаттығуында Ә. Мұсаев, қоссырық пен маңдайшада өнер көрсететін Е. Жантіковке де бапкерлер сенім білдіріп отыр.



«Құраманың ең жас мүшесі Дмитрий Патанин еркін жаттығу мен қолды тіреп секіруде жақсы нәтижеге жетеді деп күтеміз», - деді ол.

Бұдан тыс, бапкердің айтуынша, Бакудегі турнир аяқталған соң Карими Милад, Құрбанов Нариман, Жантіков Ерболдан құралған Қазақстан командасы тағы бір Әлем кубогына қатысу үшін Доха қаласына аттанады.



null 

Автор: Бекбау Тайманов

Басты сөздер: Спорт, Әзербайжан,
Жоғары қарай