Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев әйгілі ресейлік шахматшыны ұтты

2019 жылдың 9 наурыз 2019 23:29

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев Астанада өтіп жатқан шахмат бойынша командалық Әлем чемпионатында 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы, ресейлік шахмат шебері Сергей Карякиннен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңалықтың «сенсация» деп хабарлауға асыққан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Бүгін, яғни шахмат бойынша командалық Әлем чемпионаты турнирінің бесінші күнінде қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы, аты аңызға айналған Сергей Карякинді ұтты», - деп жазды Раухан Тоғымбаева.

Айта кетсек, Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.






Қазақстан құрамасы сапында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Ринат Жұмабаев, Муртас Кажгалиев, Ануар Исмағамбетов, Денис Махнев пен Петр Костенколар өнер көрсетуде.

Шаршы тақтада Қытай, Әзербайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Швеция, Англия, Үндістан мен Украина, Грузия, Мажарстан мен Арменияның үздіктері жарыс көрігін қыздыруда. Олардың арасында әлем мен әр құрлықтың чемпионы атанған мықтылар да аз емес.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай