Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қазақстандық қыз Оңтүстік Кореяда асулы күйінде табылды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея елінде қазақстандық қыз асулы күйінде табылды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында, өз пәтерінде Қазақстан азаматшасының мүрдесі табылды. Қала полициясынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеде асылып қалған», - деді Нұрбек Алмашев.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі қаза тапқан қыздың туыстарына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға,
Жоғары қарай