Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстандық ММА шебері Мария Агапова америкалық қарсыласын жеңді

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 13:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ММА шебері Мария Агапова Invicta FС промоушенімен келісім аясында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

М.Агапова Канзас-Ситиде (АҚШ, Канзас штаты) аралас жекпе-жек турнирі аясында күш сынасты. Ол жергілікті файтер Алекса Коннерспен айқасты. Жекпе-жекте Мария бірінші раундта тұншықтыру тәсілін қолданып, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі. Ол мансабында тек бір рет жеңіліс тапса, Коннерс бесінші рет жеңіліп қалды.

Еске салайық, Мария Агапова мұның алдындағы айқаста америкалық Трейси Кортестен (6-1) төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Бұл айқаста UFC – аралас жекпе-жектен әлемдегі ірі промоушнмен келісім бәске қойылған еді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай