Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақстандық сарбаз пауэрлифтинген абсолютті әлем чемпионы атанды

2019 жылдың 6 қазан 2019 23:01

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Майор Болат Бөлендин пауэрлифтингтен және Пауэрлифтинг ұлттық қауымдастығының жеке іс-қимылдары бойынша абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жаңалықпен Facebook желісінде Daniyar Alzhanov деген атаумен белгілі желі қолданушысы жария етті.

Оның жазуынша, майор Болат Бөлендин «GOLDEN TIGER - XIII» Халықаралық мультитурнирінде 82,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 4 алтын медальды жеңіп алған.

Болат Бөлендин халықаралық дәрежедегі спорт шебері, оның WRPF федерациясының әлем чемпионы, Азия чемпионы, пауэрлифитингтен және денені жерден көтеруден Қазақстан чемпионы сияқты атақтары бар. Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбазы өзінің карьерасында екі әлемдік рекордты орнатты.

«GOLDEN TIGER - XIII» Халықаралық турнирі күш қолданатын спорт түрлерінің дәстүрлі фестивалі. Биылғы жылы 50 спорт түрінен өткен жарысқа 9 мыңнан астам спортшы қатысты.

Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Әскер,
Жоғары қарай