Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Қазақстандық шекарадан өтерде 50 мыңға жуық долларын декларацияда көрсетпеген

2020 жылдың 20 мамыр 2020 08:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шекарашылар декларацияланбаған қомақты қаражатты алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 18 мамырында Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы ҚХР-ға өтіп бара жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Иісшіл иттің көмегімен тәртіп бұзушыдан 49244 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша табылды.

Ұсталған азамат белгіленген тәртіппен «Нұр Жолы» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.


Басты сөздер: ҚР ҰҚК, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай