Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Қазақстандық студенттердің стипендиясы 25% артты

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жоғары оқу орындарында 25% арттырылған стипендия беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25% көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады. Бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25% жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады», - деді ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.

Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура –37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.


Жоғары қарай