Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстандық Ұлттық құрама боксшылары Нидерландта бақ сынады

2019 жылдың 18 қараша 2019 23:31

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 17 қараша күні Роттердамда бокстан Қазақстан мен Нидерландтың ұлттық құрамалары өзара кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Гаагадағы елшілігіне сілтеме жасап.

Биыл Нидерландтың Бокс федерациясы Қазақстан құрамасын осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатқан World Port Boxing дәстүрлі турниріне шақырған болатын. Осыған дейін бұл турнирге 2017 жылы АҚШ пен 2018 жылы Куба құрамасы шақырылды.

Бапкер Ғалымбек Кенжебаев бұл жолғы кездесуге 8 тәлімгерін алып келді. Осы бокс кеші үшін голландтықтар 1750 адам сиятын арнайы ғимарат орнатты. Бұл кештің билеттері толығымен сатылып кетті.

«Кездесу оңайға соққан жоқ, алайда мен оған тыңғылықты дайындалған едім. Мен қарсыласымның тегеурінді әрі соққыға төзімді екенін білетінмін. Сондай-ақ біз жарыстағы алғашқы жұп болатынбыз, бұл бізге қосымша жауапкершілік түсірді»,-деді голандиялық Мирой Мэссингті жеңген Аида Әбікеева.

Келесі үш раундтық кездесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов пен Делан Джеймс шықты. Төрешілер жеңісті қарағандылық спортшыға берді. Өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпазы Талғат Шайкен Самми Вагенсвельдтен басым түсті.

Айта кетейік, World Port Boxing турнирінде қазақстандық 6 боксшының мерейі үстем болды. Екі елдің ерлер және әйелдер құрамаларының спортшылары қазір Нидерландта бірлескен оқу-жаттығу жиынында жүр.

Тимур Дүйсекеев

Жоғары қарай