Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстандықтар Бүкіләлемдік әскери ойында бокстан 2 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды

2019 жылдың 27 қазан 2019 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойыннан Қазақстан қарулы күштерінің құрамасы бокстан екі алтын, екі күміс медальмен оралды. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бірінші алтын медальді 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов еншіледі. Әскери спортшы финалда Үндістандық Дипакты 5:0 есебімен жеңген болатын.

Ал 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов финалды өзбек спортшысы Билолбек Мырзарахымовты 5:0 есебімен тізе бүктіріп, тағы бір алтын медальді қоржынға салды.

Күміс медаль игерелері – Ділмұрат Мәжитов (-64 кг) пен Абзал Құттыбеков (-91 кг).

Бүкіләлемдік әскери ойында ел спортшылары жалпы 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медальді жеңіп алған.

Жоғары қарай