Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстандықтар Instagram-да Елбасы туралы білімдерін сынап көре алады

2019 жылдың 1 қазан 2019 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Instagram Stories-те ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қатысты деректерге арналған айдар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті жайлы бір қарағанда бәрін де білетін секілдіміз: қайда өмірге келді, қай жерде оқыды, кім болып еңбек етті – бәрі белгілі жайттардай көрінеді. Әйтсе де, Елбасы туралы көп адам біле бермейтін мәліметтер де аз емес. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі көпшілік біле бермейтін жайларға арнап, Instagram Stories арқылы жеке айдар жүргізгелі отырмыз», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-парақшасында.

Осылайша, elbasy_nazarbayev ресми парақшасының Stories айдарында Елбасының өміріне қатысты алғашқы мәлімет жарияланды.

«Жас кезінде Нұрсұлтан Назарбаев музыкаға қызыққан. Елбасының алғашқы музыкалық аспаптарының бірі – баян. Баян сатып алу үшін жас Нұрсұлтан жаз бойы көрші үйдің құрылыс алаңында еңбек етіп, саман кірпіш құйған», - делінген онда.

Желі қолданушыларына бұл фактінің шындыққа сәйкес келетініне «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру ұсынылған. Дұрыс жауап кейінірек Stories-те жарияланып отырады.

Жоғары қарай