Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Қазақстандықтар құжаттағы қатені бір-ақ күнде түзете алады

2019 жылдың 2 наурыз 2019 19:27

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар қағаз құжаттардағы жеке мәліметтер сәйкессіздігін бір күн ішінде түзете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әділет департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Е-мұрағат АХАЖ» орталық серверінде 50 миллионнан астам сканерленген және атрибутталған акт жазбалары бар.

«2018 жылдың 1 маусымынан бастап 2008 жылға дейін тіркелген мұрағаттық акт жазбаларына түзету енгізуге мүмкіндік беру үшін «АХАЖ» ақпараттық жүйесін ашу жоспарланып отыр. Осыған байланысты, «АХАЖ» ақпараттық жүйесімен ыкпалдастырылған ақпараттық жүйелерде қате мәліметтер болуы мүмкін»,- деп атап өтті департаменттен.

Осы ретте ведомство қандай да бір қызмет алу барысында ақпараттық жүйеде сәйкессіздік анықталса, онда мәліметтерді түзетуге бағытталған арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға не тиісті әділет департаменттеріне жүгінуге және «электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беруге болатынын атап өтті.

Жоғары қарай