Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстандықтар медсақтандыру туралы телеграм-бот арқылы біле алады

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 21:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда SaqtandyryBot атты жаңа телеграм-канал іске қосылды. Оның көмегімен сақтандыру мәртебесі туралы білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Медициналық сақтандыру қоры телеграмда SaqtandyryBot каналын іске қосты. Оның көмегімен кез келген азамат ЖСН нөмірін енгізу арқылы сақтандыру мәртебесін біле алады», - деді МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Азамат Өміртаев.

Бұдан бөлек, өз мәртебеңді медициналық сақтандыру жүйесінен тексеруге болады: ЖСН нөмірі арқылы www.egov.kz сайтында немесе аумақтық ХҚКО-ларға бару арқылы білуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, ол сақтандырылған мәртебесі берілген әрбір азаматтың МӘМ пакетінде медициналық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік берілетінін түсіндірді.

Бұдан бөлек, Азамат Өміртаев жеңілдік берілген 15 топқа кіретін азаматтарға мемлекет қаржы бөлетіндіктен, олар автоматты түрде МӘМС қатысушысы болатынын айтты.

«Жеңілдік берілген 15 топқа 10,6 млн немесе тұрғындардың 57% кіреді. Бұлар – балалар, мүгедектер, студенттер, үш жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырғандар, бала күнінен мүгедектер тәрбиелеп отырғандар, көпбалалы аналар», - деді ол.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) емхана мен дәрігерді өз бетінше таңдауға, сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім жасаған жеке медициналық ұйымдарға сақтандыру үшін жүгінуге мүмкіндік береді.



Жоғары қарай