Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстандықтар сапасыз азық-түлік туралы ақпаратты арнайы сайттан көре алады

2019 жылдың 5 маусым 2019 18:34 766

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикада азық-түлік сапасын бақылау күшейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің Facebook аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті мониторинг барысында денсаулыққа зиян екені анықталған азық-түлік туралы ақпаратты талапқа сай келмейтін өнімдер тізіміне салып отыратын болды.

Талапқа сай келмейтін өнімдер тізімін реестрден көруге болады. Ол реестр комитеттің арнайы сайтында тұр. Тізімнен қайсы өнім сапасыз тауар қатарына жатқызылғанын бақылау мүмкіндігі бар.

«Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің цифрландыру кеңсесі аталмыш сайтты жаңғыртып жатыр. Яғни, әрбір өнім бойынша штрих кодты бірге береді. Осылайша, алдағы уақытта сапасыз өнімдерді анықтайтын арнайы мобильді қосымша жасалады. Осыдан кейін біз смартфон арқылы дүкеннің дәл өзінде қай өнімнің сапалы немесе сапасыз екенін анықтай аламыз», - деп жазды денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Facebook парақшасында.

Оның мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 22 тонна қауіпті тамақ өнімі жойылады. Ай сайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті қауіпті санатқа жатқызылған 100 өнім мен тауар түрін анықтауда.

 

 

Жоғары қарай