Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қазақстандықтар шетелдік демалысқа қанша қаражат жұмсайды

2019 жылдың 28 наурыз 2019 20:30 906

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есеп комитетінің кезекті отырысында туристік қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік қаражаттың тиімді қолданылуы туралы мемлекеттік аудит қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудит ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен «Kazakh Tourism» АҚ қамтыған.

«Отандық туристік сала баяғыдан сервистік инфрақұрылымы дамыған танымал шетелдік туристік орталықтармен бәсекелестікте келе жатыр және қазір бұл салада жұмысты жақсартып қана қоймай, ұйымдастыру құрылымын өзгерту керек. Ия, бұл қиын жұмыс, бірақ туризм берекелі ақшаны тез табатын сала», - деді  Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті келтірген деректерге сәйкес, жыл сайын Қазақстанда шетелдерге шығу туризмінің үлесі елдегі туризм үлесінен бір жарым есеге артып келеді.

Оның айтуынша, көптеген сауалнамалар бойынша, қазақстандықтар қолайлы баға саясаты, көліктік және логистикалық қолжетімділік пен көрсетілетін қызмет сапасы болғанда, демалысты Қазақстанда өткізгісі келеді.

«Сапасыз инфрақұрылымға, қымбат баға және ыңғайлы қонақүйлердің жетіспеуіне байланысты Қазақстан азаматтары шетелдік туристік өнімдерді артық көреді, жыл сайын орта есеппен 2,7 млрд АҚШ доллары болатын ұлттық валютамыз кетеді. Мұнда шетелде лайықты демалысқа бара алатын отандастарымыз үшін ғана қуануға болады, ал шетелге кететін ақша Қазақстан экономикасына қайтып оралмайды», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай