Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақстандықтар жыл басынан бері жарты триллион теңгеге көлік сатып алған

2019 жылдың 21 қазан 2019 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2019 жылдың 9 айының ішінде қазақстандықтар 499,8 млрд теңгеге 51 871 жаңа автокөлік сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айында ең көп сатылатын маркалардың көш басына Hyundai тұр. Дилерлер тоғыз айдың ішінде Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨндіріс» компаниясы шығарған 1345 автокөлікті (жыл басынан бері барлығы 10 008, өткен жылмен салыстырғанда + 76 пайыз) өткізген. Toyota маркасы қыркүйек айында екінші орынға түсті (1 204, жыл басынан бері 10 524). Lada диллерлері күздің алғашқы айында 957 дана көлік сатып, үштікті қорытындылады (жыл басынан бері 11 092). Екінші тоқсанда Қостанайда өндіріле бастаған Ravon сатылымы тез өсіп, өткен айда аталмыш маркамен 559 автокөлік сатылды», - делінген хабарламада.

Қауымдастықтың хабарлауынша, сатылған 10 автокөліктің сегізі Қазақстанда жасалған. 2019 жылы отандық автокөліктердің ай сайынғы үлесі 50 пайыздан төмен түспей, «Қазақстанда жасалған» көліктерге сұраныс былтырғыға қарағанда 10 пайызға өскен.

«Қазақстанның автоөндірісі маңызды да, келешегі кемел салалардың бірі болып тұр. 2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда барлық типтегі 33,5 мың көлік шығарылған. Бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткішке қарағанда 47,5 пайызға көп», - делінген хабарламада.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Көлік, Экономика, Өнеркәсіп,
Жоғары қарай