Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қазақстандықтардың қарызы қалай азаяды ?

2019 жылдың 12 тамыз 2019 19:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінде ҚР президентінің «Қазақстан азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту туралы» Жарлығының қалай жүзеге асып жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің хабарлауынша, көпбалалы, асыраушысынан айрылған, мүгедек бала бағып отырған, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, 18 жастан асқан мүгедек жандар, ата анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа толмаған және жетім балалар, кәмелеттік жасқа толмай жатып ата-анасынан айрылған адамдардың кепілсіз несиесінің 300 000 теңгесі кешіріледі.

Бүгінде мемлекеттік несие бюросы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген тізімі бойынша ақпаратты қорыту аяқталды.

Бұл материалдар «Проблемалық несиелер қорына» жіберілді.

Жыл соңына дейін аталған қор қаржыны аударып үлгерсе банктер мен шағын қаржыландыру орталықтары халықтың қарызын өшіретін болады.

Одан кейін 2 күн ішінде қарызы өшірілген адамдар Е-Халық ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

«500 мыңға жуық азамат 100 млрд теңгеден аса көмек алады. Бұның нәтижесінде қазақстандықтардың орташа қарыз жүктемесі 40% азаяды деген үміттеміз. 260 мың адамның қарызы түгел кешіріледі», - деді қаржылық реттеуші.

Қарыздың өтелуі үшін банктерге хабарласудың қажеті жоқ. Барлық жұмыстарды кредиторлар атқарады.

Қаржылық реттеуші (Ұлттық банк) несие проблемаларын азайту мақсатында жыл соңына дейін онлайн кредиторлар, ломбардтар, несие серіктестіктері, тағы басқа несиелеу субьектілерінің жұмысын реттеудің нормативтік құқықтық базасын қолға алмақ.

Мәселен, 90 күннен аса төленбей қалған қарыздарға комиссия тағы басқа үстемелерді жамауға тыйым салынады.

Бұл өзгерістер ҚР Парламентіне қыркүйекте енгізіледі. Сонымен қатар, бірқатар заңға өзгеріс енеді. Атап айтқанда, қарыз алушының әлеуметтік мәртебесі, төлем қабілеті, табысы есептеледі.


Перевод Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Банктер, Қоғам,
Жоғары қарай