Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақстанға 3 млн-ға жуық ресейлік турист келген

2019 жылдың 27 наурыз 2019 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстан 2018 жылы ресейлік туристер барған елдердің бестігіне кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТурСтат талдау агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Қазақстан ресейлік туристер көптеп баратын елдердің ішінде төртінші тұр.

Атап айтқанда, Ресейден Қазақстанға бағытталған туристік сапарлардың саны 2018 жылы 2 млн 955 мыңға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың көрсеткішімен шамалас екенін айта кету керек.

ТурСтаттың дерегіне сүйенсек, ресейлік туристер қолайлы көретін елдердің ондығын Түркия (5 млн 719 мың), Абхазия (4,496 мың), Финляндия (3,361 мың), Қазақстан (2,955 мың), Украина (2,290 мың), Қытай (2,018 мың), Эстония (1,798 мың), Германия (1,297 мың), Грузия (1,233 мың (+23%) және Таиланд (1,173 мың) құрап отыр.

Шетелдік туристік сапарлардың саны жағынан жылдам өсімді көрсеткен елдердің қатарына Түркия (5.719 млн сапар, 2017 жылмен салыстырғанда +27%), Грузия (1.233 млн, +23%), Италия (1.086 млн, +22%), БАӘ (941 мың, +23%), Тунис (611 мың, +28%) және Армения (434 мың, +18%) енген.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ресей, Туризм,
Жоғары қарай