Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қазақстанға пальма майын кіргізбеу туралы айтылды

2019 жылдың 29 мамыр 2019 15:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян Қазақстан аумағына сапасыз пальма майын кіргізуге тыйым салуды сұрады. Осы орайда ол бұл мәселеге байланысты ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баяндамасына сүйенсек, пальма майы семіздікке, асқазан-ішек жолы және жүрек-қантамырлары жүйесі ауруларына алып келеді. ЕАЭО комиссиясы біраздан бері азық-түлік өнімдерін таңбалауда пальма майының бар екендігі туралы мәліметтердің міндетті көрсетілуін енгізбей келеді», - деді депутат.

Оның пайымынша, өндірушілер тамақ өнімдерінің шынайы құрамын жасыру үшін пальма майын әдейі көрсетпейді. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Қазақстандағы сауда желілеріне құрамында пальма майы бар сүт, ірімшік өнімдері мен кондитерлік тауарлар келіп жатыр.

«Осы орайда шекарада азық-түлік өнімдері сапасына қарайтын жылжымалы бақылау бекеттерін күшейтуді, сондай-ақ Қазақстанға сапасыз пальма майы мен оның негізіндегі өзге де өнімдерді кіргізбеуді қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды сұраймыз», - деді Наринэ Микаелян.

Жоғары қарай