Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстаннан Өзбекстанға «Достық керуені» аттанды

2019 жылдың 10 қазан 2019 11:23

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкенттен Өзбекстан Республикасына «Достық керуені» жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамында ассамблея мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері бар керуен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан интернационалды мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында сапарлап қайтпақ

Керуенді шығарып салу рәсімінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен SILKWAY халықаралық университетінің президенті Мадияр Юнусов сөз сөйлеп, іс-шара бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Өзбекстанға бет алған керуен мүшелері 10-12 қазан аралығында Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді. Әрі қарай Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен таныспақ.

Сонымен қатар, «Достық керуенінің» мүшелері Өзбекстан интернационалды мәдени орталығы мен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында болып, ондағы қазақ жастарымен кездеседі деп күтілуде.










Жоғары қарай