Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 2 ақпан 2019 06:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің 6 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Шымкент, Балқаш, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Экология, Ауа райы,
Жоғары қарай