Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қазақстанның 7 өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 наурыз күні Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

28-29 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. 28 наурызда жел оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 29 наурызда облыс аумағының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында 28 наурызда тұман түсуі мүмкін, 28 наурыз күні көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

28 наурызда түнде оңтүстік-батыс желі Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз облыс аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда қаласында 28 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

28-30 наурыз күндері Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, 30 наурыз күні Алматы облысы және Алматы қаласының таулы аудандарында күшті жауын-шашын салдарынан өзендер арнасынан тасып ағуы мүмкін.

28-29 наурыз күндері мол жауын-шашын салдарынан Ақтөбе облысында мұздар еріп, айдындардағы су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Жоғары қарай