Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 04:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қыркүйек күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Экология, Ауа райы,
Жоғары қарай