Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 1 тамыз 2019 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Директорлар кеңесінің шешімімен Питер Гриффитс «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. Бұл жөнінде Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68-қадамын жүзеге асыру аясында құрылды.

Бұл - авиация саласындағы ең жақсы халықаралық нормаларға сәйкес еліміздегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа тәсілі. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасында алғаш рет жүзеге асырылуда. Азаматтық авиация комитеті соңғы 1,5 жыл ішінде азаматтық авиацияның негізгі заңын және 61 ішкі-құқықтық актілерді әзірледі және толықтырды.

Авиациялық әкімшілік жұмысына азаматтық авиация субъектілеріне техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін жоғары білікті азаматтық авиация мамандары тартылып, оларға саладағы кәсіпорындармен сәйкес келетін еңбек жағдайлары қарастырылады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігі саласындағы авиациялық техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыратын болады.

Питер Гриффитстің азаматтық авиация саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Ол Ұлыбритания Көлік Министрлігінің Азаматтық Авиация Департаментін басқарды және Ұлыбританияның Азаматтық Авиация Агенттігінің (UKCAA) жұмысына жетекшілік етті.

EasyJet Luton компаниясының ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі директоры болды. Ол Сауд Арабиясында жаңа лоукост Nas Air (Flynas) авиакомпаниясын іске қосу жөніндегі жоба жетекшісі болды. Ол Airbus 320 және Boeing 737 ұшақтарында командир ретінде ұшқан.

Бірнеше жылдар бойы ол Еуропалық Комиссияда басшылық қызметтер атқарды. Питер Гриффитс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Еуропалық аймағының вице-президенті болды және азаматтық авиацияның әртүрлі коммерциялық ұйымдарын басқарды.

Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігі жүйесін реттеудің заманауи тәсілін енгізілуімен елімізде ұшу қауіпсіздігі көрсеткіші жоғарылайды деп жоспарлап отыр.

Жоғары қарай