Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 5 сәуір 2020 23:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ал Ақтау қаласында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сондай -ақ дүйсенбіде Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің жылдамдығы 15-18 м/с.

6 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

6 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

6 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

6 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с.

6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және тәңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай