Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 15:45 814

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 сәуір күні Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-тан асуы да мүмкін. Кей жерлерге тұман түседі.

1 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысына тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, күндіз облыс аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с айналасында болады, екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.

Петропавл қаласында 1 сәуірде түнде тұман түсіп, жел оңтүстік батыстан соғады, түнде желдің екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ауа райының бұзылу қаупі - 90-95%.

 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Қоғам,
Жоғары қарай