Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қазақстанның Doing Business-тегі рейтингін жақсарту мәселелері талқыланды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 16:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сарапшылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік орган және бизнес қауымдастық өкілдері Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласындағы реформалар, бизнес климатты жақсарту туралы ойлар айтылды.

Шараға ҚР Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика, Қаржы, Әділет министрліктерінің , сондай-ақ ҚР Ұлттық банктің, Алматы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.

Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіперлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың айтуынша, Қазақстанға бизнесті жүргізу бойынша әлемнің үздік 30 елінің қатарына енуіне кәсіпкерлік саласындағы ауқымды реформалар септігін тгізген.

«Бұнымен шектеліп қалуға болмайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 28-орында тұр. Бес жыл бұрын 82-орында тұрған едік. Бұған заңнамаға енгізілген өзгерістер, рұқсат құжаттарының азаюы, кәсіпорынды тіркеу, халықаралық сауда, келісімшарттарды жүзеге асыруды қамту бойынша жасалған тиімді реформалар септігін тигізді. Бұл рейтингке 190-нан астам ел қатысады. Олардың барлығы көрсеткіштерін жақсартуға тырысып жатыр», - деді Асланбек Жақыпов.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан заң, бизнес, тіркеу салалары бойынша сұрақтарына жауап алды.

Жоғары қарай