Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 18:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

19 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысында найзағай ойнап, кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте 19 наурыз таңертең және күндіз күн күркіреп, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болатын оңтүстік-батыс желі еседі.

19-21 наурызда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с, 19 наурызда екпіні 25 м/ст жел соғады.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай