Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

«Қазақстанның ет одағы» малды тірідей экспорттауға қатысты пікір білдірді

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның ет одағы» бірлестігінің басшысы Асылжан Мамытбеков тірі малды экспорттауға қойылған шектеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Малды тірідей экспорттауға шектеу қоюдың бір себебі – ішкі нарықта еттің бағасын төмендету тапсырмасын орындау. Алайда бұл жағдай ішкі нарық деңгейіне ешқандай ықпал етпейді. Егер осы құжат жүзеге асып, малды тірідей экспорттауға шектеу қойылса, баға төмендемейді, тек делдалдардың табысы арта түседі», - деді Асылжан Мамытбеков тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстаннан 160 мың бас ірі қара шығарылған.

«Ет нарығы заңдастырылмаған. Көп нәрсе, оның ішінде мал бордақылау орындары көлеңкеде қалып отыр. Мал иесінен тұтынушыға дейін зерттесеңіз, етті сатып алып, қайта сататындар көп. Салықтық жүйе жетілдірілмеген. Көлеңкеде сауда жасаудың ыңғайлырақ болатыны сондықтан. Экспортты шектеп тастамай, осы бағыттағы мәселелердің бәрін ретке келтіру керек. Малдың тірідей сатылып кетуі – оның бағасына оң әсерін тигізіп отыр. Алайда бұл жағдай дүкендегі тауар бағасына ешқандай әсер етпейді», - деді ет одағының басшысы.

Асылжан Мамытбеков импортқа қатысты пікірін білдірді.

«Импорт туралы сөз қозғағанда АҚШ, Канада секілді мемлекеттер өнімді экспорттаған деңгейден кем импорттамайды. Ол жақта импортталған ет қайта өңделеді. Ал өзінің қымбат өнімін ол елдер экспорттауды жолға қойған», - деді Асылжан Мамытбеков.

Айта кетсек, жақында ғана Қазақстанда тірі малдың экспортына тыйым салынған болатын.



Жоғары қарай