Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қазақстанның Moody's несиелік рейтингінде көрсеткіштері жақсарды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Moody's Investors Service» Қазақстанның эмитентінің жергілікті және шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Baa3» деңгейінде бағалап, өз болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат Kase.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шетелдік валютадағы басым қамтамасыз етілмеген борыш рейтингі де «Baa3» деңгейінде бағаланды. Рейтингтің «позитивті» деңгейге көтерілуіне Қазақстан экономикасының «стреске төзіміділігі» артуы себепкер болды. Көмірсутек саласының табысы артқан. Экономикалық реформалардың мүмкіндігі және бюджет қорын тиімді әрі ақылған қонымды басқару Қазақстанның неиселік қабілетін арттыра түседі. «Baa3» деңгейі үкіметтің активтері мен пассивтерінің теңгерімі бар екенін көрсетеді», – деп жазады Kase.kz.

Сайттың хабарлауынша, Қазақстан үшін жергілікті валютадағы облигациялар мен депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтері бұрынғысынша «Baa1» деңгейінде қалып отыр.

«Шетел валютасындағы облигациялар мен депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтері өзгерген жоқ. Тиісінше «Baa2» және «Baa3» дейңгейінде қалды. Ал облигациялар мен депозиттердің шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтингтері «P2» және «P3» деңгейінде қалды. Аталған «шекара» елдегі шаруашылық субъектілерінің облигациялары сапалы екенін аңғартады», - делінген сараптамада.

Жоғары қарай