Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қазақстанның төрт облысында жел күшейеді

2019 жылдың 14 қазан 2019 16:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 қазан күні түнде және күндіз, 16-17 қазан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

15 қазан күні Қостанай облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

15 қазанда Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.

15 қазан күні Ақмола облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Жоғары қарай