Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 06:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе, Қарағандыда (тек түнде) және Қызылорда қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Экология, Ауа райы,
Жоғары қарай